Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды

Екі жас жігіт мүсіндік композицияны, сондай-ақ іргелес аумақтағы қоқыс жәшіктерін қиратқан

Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды
Фото: ІІМ

Бүгін таңертең Астанада Журналистер аллеясында өрескел вандализм дерегі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екі жас жігіт мүсіндік композицияны, сондай-ақ іргелес аумақтағы қоқыс жәшіктерін қиратқан. Полиция, елорданың екі тұрғынын — 18 жастағы Денис Суранов пен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Мұндай әрекеттерге полиция тарапынан қатаң тосқауыл қойылып, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.