Астанада балабақшада бүлдіршінді ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты тиісті тексеру жұмыстарын бастады

Астанада балабақшада бүлдіршінді ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: © istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде Астанадағы балабақшалардың бірінде түсірілген бейнежазба тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Кадрлардан балабақша қызметкерінің кішкентай балаға жақындап келіп, оны ұрғаны көрінеді. Осыдан кейін ол орындыққа отырып, бүлдіршіндерді бақылауды жалғастырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі бұл видеоға байланысты Астана қалалық Полиция департаменті ресми хабарлама таратып, оқиғаның мән-жайын анықтау басталғанын мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты тиісті тексеру жұмыстарын бастады. Бейнебақылау камераларындағы кадрлар мен өзге де дәлелдер сараптамадан өтуде.

Полиция өкілдерінің ресми ақпаратына сәйкес, «Нұра» аудандық полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.