25.09.2026, 20:17
Жаңалықтар
Қазақстанда 26 қыркүйекте найзағайлы жаңбыр күтіледі
26 қыркүйекте елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіліп, жел күшейеді.
Фото: istockphoto.com
26 қыркүйек, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады деп күтіледі. Жауын-шашын атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктеінің мәліметінше, жауын-шашын елдің батысында ғана болмайды. Бұл өңірде ауа райына антициклонның жотасы әсер етеді.
Республика бойынша жел күшейеді. Күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
«Түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде тұман күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды