Алматыда автобус жүк көлігімен соқтығысып, бірнеше адам жараланды (ВИДЕО)
Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам медициналық көмекке жүгінді
Алматыда автобус жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 13:25-те Алматының Жетісу ауданында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Golden Dragon маркалы автобус Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Райымбек даңғылына жақындаған кезде рульге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған ЗИЛ жүк көлігіне соғылған.
Соққыдан ЗИЛ инерциямен алдында тұрған ГАЗ көлігіне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың арасында ЗИЛ көлігінің жүргізушісі мен автобустың жолаушылары бар. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда», – делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.