Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі бирфингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты
Қазақстанда ұсақ бұзақылық пен вандализмге қатысты заң күшейеді. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі бирфингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Брифинг кезінде журналист Игорь Лепехадан «Күні кеше ІІМ қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға жазулар мен суреттер салуға тыйым салу және бұл талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу туралы мәлімдеме жасады. Сонда ІІМ қай сурет әдемі екенін, ал қайсысы вандализм екенін қалай ажыратады? Оған қандай айыппұл қарастырылады?» деп сұрады.
«Бүгінгі таңда вандализм бойынша арнайы бап бар және ол қолданыста. Биыл осы бап бойынша 11 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар мәдени орындарды бүлдірген. Тағы ұсақ бұзақылық бойынша №434 бап бар. Яғни аялдамаларда, ғимараттарда жазу жазып, сурет салып кетсе осы баппен жазаланады»,- деп түсіндірді Лепехов.
Сонымен қатар ол абаттандыру қағидалары да барын да еске салды.
«Граффити салып кеткен адамды нақты қай бап бойынша жазалау керек деген мәселе аясында арнайы бап керек болды. Бірақ біз бұл мәселені әлі де Әділет министрлігімен және басқа жауапты органдармен талқылаймыз. Яғни нақты қандай жауапкершілік пен жаза тағайындалатынын қараймыз. Бұл туралы Құрылтайда да талқыланады. Әзірге нақты бір жауабын беру ерте деп ойлаймын. Сонымен қатар біз алдыңғы жылы әкімшілік заңға қатысты бірнеше бөлікті өзгерттік. Ол – мүлікті бүлдіруге қатысты. Яғни осындай жазу жазып кетіп, мүлігіңіз бүлінсе, осы үшін де жауапкершілікке тарта аламыз», - деді Ішкі істер министрінің орынбасары.
Лепеха қаладағы ғимараттарға салынып жатқан муралдар құрылыс компаниясы мен әкімшіліктің рұқсатымен салынатынын еске салды.