Астанада тағы бір жаңа көпір салынады: Жеңіс Қасымбек оның себебін түсіндірді

Автор: Махан Миражан

Үкіметте жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралып жатыр

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Астанада Есіл өзенінің көпірінің үстінен тағы бір көпір салынады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеңіс Қасымбектің мәліметіне сүйенсек, жаңа көпір «Нұрлы жол» вокзалы ауданында салынады.

«Хусейн бен Талал көшесін өзен арқылы өтетін көпір құрылысымен жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Жоба сол жағалау мен «Нұрлы жол» вокзалы ауданын байланыстыратын қосымша көлік қатынасын қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді әкім.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, елордада 471 мың көлік тіркелген. Жыл сайын бұл санға 25-30 мың көлік қосылып отырады. Күн сайын қалаға 150 мыңға жуық көлік кіріп-шығады.