Жол бойына жылқылар шығып кеткен: Арқалықта жыл басынан бері ондаған жол апаты болды

Қостанай облысында жол бойына шығып кеткен жылқылар жол апатына себеп болды

Жол бойына жылқылар шығып кеткен: Арқалықта жыл басынан бері ондаған жол апаты болды
Фото: pixabay.com

Қостанай облысында тасжола шығып кеткен бір үйір жылқы жол апатына себеп болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі агенттігі «ТоболИнфо» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

29 тамыздан 30 тамызға қараған түні шамамен сағат 23:30-да Арқалық – Фурманов тасжолының 344-шақырымында Toyota Hilux көлігі жылқыны қағып кеткен. Жолдың қараңғы тұсында бір үйір жылқы жайылып жүрген.

Көлікте отырған жолаушының миы шайқалып, Астана қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Ал жүргізуші жарақат алмаған. Алайда қараңғы уақытта жолда келе жатып, бір үйір жылқыға соғылғаннан кейін психологиялық жағдайы күрт нашарлаған. Жол апатынан жаңа әрі қымбат көлікке айтарлықтай зақым келген. Алдын ала есеп бойынша, шығын көлемі бірнеше миллион теңгеге баруы мүмкін.

Қостанай облысының Полиция департаменті жылқылардың иесін анықтау үшін Арқалық қаласы әкімдігінің «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сауал жолдаған. Иесі анықталса, оған ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы («Жайылымда мал бағу ережелерін бұзу») бойынша шара қолданылады.

Облыста жыл басынан бері осыған ұқсас жеті жол апаты болып, сегіз адам зардап шеккен. Ал Арқалық қаласының өзінде 26 жол апатынан екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алған.