Әнет баба мен ЕК-26 көшелерінің қиылысы уақытша жабылады
Астана қаласында Әнет баба мен ЕК-26 көшелерінің қиылысы бірнеше аптаға жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында аталған көшелердің қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруі қажет», – делінген әкімдік хабарламасында.