Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетуде
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында волейболдан Қазақстан құрамасы Филиппинді жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетуде.
Алғашқы ойында отандастарымыз Филиппин құрамасымен кездесті. Матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық волейболшылар 3:1 (27:29, 26:24, 25:23, 25:19) есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама бірден ширек финалға шықты.
Ұлттық құрама сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мадина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив, Юлия Фоменко бар.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 18 қыркүйекте Қытай командасымен кездеседі. Қытайлықтар бұған дейін Филиппин құрамасын 3:0 есебімен жеңген еді.