Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының әкімдері тағайындалды

Облыс әкімі Есет Байкен екі қаланың активіне жаңа әкімдерін таныстырды

Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының әкімдері тағайындалды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысында Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімі Есет Байкен екі қаланың активіне жаңа әкімдерін таныстырды.

Сәтбаев қаласын Кеңгірбай Қоңырұлы Смағұлов басқарады. Кеңгірбай Смағұлов 1978 жылы туған.

Ол – Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің түлегі.

  • Еңбек жолын 2000 жылы Жезқазған қаласы бойынша Салық комитетінің жинау бөлімінің салық инспекторы қызметінен бастаған.
  • 2001-2002 жылдары Жезқазған қалалық экономика комитетінің кәсіпкерлік және тұтыну нарығын дамыту бөлімінің бас маманы;
  • 2002-2004 жылдары Жезқазған қалалық экономика комитетінің қаржы-несие қатынастары, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы;
  • 2004-2005 жылдары Жезқазған қаласы Экономика және кәсіпкерлікті дамыту комитетінің бөлім басшысы;
  • 2005-2006 жылдары Жезқазған қаласы әкімі аппаратының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы;
  • 2006 жылы Жезқазған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
  • 2006-2008 жылдары Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы;
  • 2008-2009 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
  • 2009-2010 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
  • 2010-2013 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы;
  • 2013-2015 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы;
  • 2015-2020 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
  • 2020 жылы Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
  • 2020-2022 жылдары Қарағанды облыстық «Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2022 жылы «AMANAT» партиясы Жезқазған қалалық бөлімшесінің жауапты хатшысы;
  • 2022-2023 жылдары Ұлытау облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
  • 2023-2024 жылдары Ұлытау облысының қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Осы тағайындауға дейін, яғни, 2024-2026 жылдары Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы болды.

Ал Жезқазған қаласының әкімі лауазымына Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев тағайындалды.

Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген. Металлургия, экономика және бизнес бакалавры, мемлекеттік Менеджмент магистрі.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

  • Еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС филиалы «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» байыту фабрикасы бас корпусының үшінші разрядты флотаторы болып бастады.
  • 2011-2012 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Қарағандытүстімет» ӨБ филиалының «Нұрқазған» байыту фабрикасы жетекшілігінің әкімшілік бас корпусында іс жүргізуші;
  • «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС филиалы «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» байыту фабрикасы бас корпусы бақылау цехының шебері;
  • 2012-2013 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Қарағандытүстімет» филиалы Нұрқазған байыту фабрикасы бас корпусы цехының бастығы;
  • 2013-2014 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Шығыстүстімет» ӨБ Орлов кеніші БФ бас инженері;
  • 2014-2015 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «ЖТМ» ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасы № 2 бас корпусы цехының бастығы;
  • 2015-2017 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «ҚТМ» филиалы Нұрқазған байыту фабрикасының директоры;
  • 2017-2024 жылдары «Жезқазғантүстімет» ӨБ № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасының директоры; Тағайындауға дейін Сәтбаев қаласының әкімі болды.