Жарақат алғандар саны 5 мыңнан асты
Ливанның денсаулық сақтау министрлігі Бейрут қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 135 адамға жетіп, 5 мыңнан астам адам жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Жағдай өте қиын. Ауруханаларға да зиян келген. Көбінде орын жоқ. Мемлекет кез келген көмекке зәру», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келгенін хабарлаған еді.