Ақмола облысында ТЖМ авиациясы 5 жасар баланы Көкшетауға шұғыл жеткізді

Ұшу операциясы Көкшетау – Ерейментау – Көкшетау бағыты бойынша жүзеге асырылды

Ақмола облысында ТЖМ авиациясы 5 жасар баланы Көкшетауға шұғыл жеткізді
Фото: ТЖМ

Ақмола облысында ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының экипажы санитариялық рейс орындап, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж кішкентай науқасты тасымалдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұшу операциясы Көкшетау – Ерейментау – Көкшетау бағыты бойынша жүзеге асырылды. 2021 жылы туған балаға шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажет болған.

Ұшқыштар мен медицина бригадасының жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында кішкентай азамат межелі жерге аман-есен жеткізіліп, облыстық аурухана мамандарының қарауына тапсырылды.

ТЖМ «Қазавиақұтқару» техникалары санитариялық авиация міндеттерін орындауға үнемі әзірлікте тұрады және ең шалғай, қатынау қиын өңірлерде де адам өмірін құтқару операцияларын белсенді жүргізеді.