Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бірқатар өңірде жаңбыр жауады

12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бірқатар өңірде жаңбыр жауады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Батыс пен оңтүстік облыстардың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей өңірде тұман күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +20...+22°C болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +22...+24°C болады.

Қостанайда бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр болуы мүмкін. Найзағай ойнап, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +17...+19°C болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +21...+23°C болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C болады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +21...+23°C болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C болады.

Өскеменде аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +33...+35°C болады.

Семейде аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +33...+35°C болады.

Оралда көшпелі бұлт шығады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C болады.

Атырауда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады. Күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +18...+20°C болады.

Ақтауда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +27...+29°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +28...+30°C болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C болады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +33...+35°C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +30...+32°C болады.