Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады – синоптиктер

Автор: Azattyq Rýhy

«Қазгидромет» синоптиктері 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды
 

Фото: ашық дереккөзден

Алдағы күндері солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр күтіледі.  Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, деп болжайды синоптиктер.  

«Барлық дерлік жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, әсіресе, батыста және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында алдағы тәулікте ғана жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады», - деп хабарлайды «Қазгидромет».