Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен екпінді жел күтіледі
9 қыркүйекте синоптиктер Астана мен Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман болжанады. Көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз солтүстігі мен батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел және шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман болжанады. Түнде батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, ал батысы мен оңтүстігінде 25 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда да жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз шығысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығысы мен оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы мен Талдықорғанда жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысы мен таулы аудандарында күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте де төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз шығысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен батысында тұман болжанады. Күндіз солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болжанады. Солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз орталығында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Күндіз солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-шығысында төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.