Президент жаңа көмекшісін тағайындады

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

Фото: primeminister.kz

Эльдар Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.