08.09.2026, 17:14
Жаңалықтар
Қазақстанда доллар құбылып тұр: 8 қыркүйекке арналған ресми бағамы жарияланды
Қазақстан Ұлттық банкінің 8 қыркүйекке белгілеген ресми доллар бағамы – 454,31 теңге
Фото: freepik.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 454,46 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,19 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 8 қыркүйекке белгілеген ресми доллар бағамы – 454,31 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 454,68 теңге, сату – 456,58 теңге болып отыр.
Астананың айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 452,86 теңгеден сатып алынып, 459,99 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағамы 454,54 теңге болса, сату бағамы 456,63 теңгені құрайды.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды