Тбилиси – Астана рейсінде темекі шеккен шетел азаматы ұшақтан түсірілді

Оған ірі көлемде айыппұл салынды

Тбилиси – Астана рейсінде темекі шеккен шетел азаматы ұшақтан түсірілді
Фото: istockphoto.com

Тбилиси – Астана бағытында шетел азаматы ұшақ дәретханасына кіріп, электронды темекі шеккені үшін айыппұл, рейстен түсіріліп, айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі құқық бұзушылық жасаған 254 адамды әуе рейстерінен түсірген.

Олардың 193-і – алкоголь ішкен немесе қоғамдық орынға мас күйде келген. Тағы 40 жолаушы ұшақ бортында темекі өнімдерін тұтынуға қатысты тыйымды бұзған. Қалған жолаушылар басқа да құқық бұзушылықтар үшін рейстен түсірілген.

Мысалы, 7 қыркүйекте Астана әуежайындағы көліктегі полиция қызметкерлері Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақтан шетелдік жолаушыны түсірді. Бұл туралы ұшақ командирі тиісті акт жасаған.

Полиция тексеру кезінде 38 жастағы шетел азаматының ұшу кезінде ұшақ дәретханасында электронды темекі шеккенін анықтады. Осылайша, ол ұшақта темекі шегуге тыйым салатын ережелер мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзған.

Шетел азаматына әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК, яғни 216 250 теңге айыппұл салынды.

Полиция ұшақ бортында темекі, электронды темекі, вейп және құрамында никотин бар басқа да өнімдерді шегуге қатаң тыйым салынғанын еске салады. Бұл талаптарды бұзу ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, заң бойынша жауапкершілікке әкеледі.