Оралда шетел азаматы 6 жылға сотталып кетті
Оның наркокурьер болып жүргені анықталды
Батыс Қазақстан облысында есірткі таратып жүрген 33 жастағы шетелдік азаматы ұсталып, 6 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамды тінту барысында белгілі бір иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған 12 орама, сондай-ақ екі телефон табылған.
Бұдан бөлек, осындай зат салынған тағы 13 орама анықталып, тәркіленді.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның есірткі заттарын таратумен айналысатын интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істегені анықталды. Тиісті сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген зат синтетикалық есірткі болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді», – делінген хабарламада.
Қылмыстық істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.