Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Құтқарушылар Алматы тауларында туристерге көмек көрсетті

Фото: Видеодан скрин

Алматының Медеу ауданындағы 3180 метр биіктегі Күмбел шыңына шыққан бір топ жас өз бетінше төмен түсе алмаған. Олардың бірін құтқарушылар арқалап түсірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары өз бетімен төмен түсе алмаған 2007-2008 жылы туған үш жас жігітке көмек көрсетті.

«Құтқарушылар туристерді аялдамаға дейін жеткізіп салды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. ТЖМ ескертеді: таулы жерге шығар алдында дайындығыңызды, денсаулығыңызды және ауа райын ескеріңіз. Өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда дереу көмекке жүгініңіз», – делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда тауға серуендеуге шыққан әйел жарақат алып, оны бірнеше құтқарушы зембілмен жерге түсіргені хабарланған.