Алматыда тауға серуендеуге шыққан әйелді бірнеше құтқарушы зембілмен жерге түсірді (ВИДЕО)

Терра алаңы маңындағы соқпақта 1970 жылы туған әйел аяғынан жарақат алды

Алматыда тауға серуендеуге шыққан әйелді бірнеше құтқарушы зембілмен жерге түсірді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда Терра алаңы маңында тауға серуендеуге шыққан әйелді бірнеше құтқарушы зембілмен түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, көмек көрсету үшін оқиға орнына «ҮАШ» бақылау-құтқару бекетінен құтқарушылар экипажы жедел түрде шықты.

Құтқарушылар туристер тобына жедел жетіп, зардап шеккен адамның 56 жастағы турист екендігін анықтады. Оқиға кезінде оның жанында екі туысы, сонымен бірге қызы болған.

«Әйелге қажетті көмек көрсетіліп, «Акья» зембілі арқылы Горельниктегі автотұраққа дейін жеткізілді. Сол жерден ол қасындағы туыстарымен бірге жеке автокөлікпен жолын жалғастырды. Зардап шегушіге қосымша медициналық көмек қажет болған жоқ», – делінген хабарламада.