«Сын сәтте батыл әрекет»: Тоқаев Трамп пен Иран басшылығының қадамын құптады

Ол Иран мен АҚШ арасындағы келісімге ризашылығын білдірді

«Сын сәтте батыл әрекет»: Тоқаев Трамп пен Иран басшылығының қадамын құптады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімді құптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор. Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады», – деп жазды мемлекет басшысы X парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ пен Иран 19 маусымда Швейцарияда бейбітшілік келісіміне қол қоятыны хабарланған.