Қарағандыда құтқарушылар 9-қабаттан түсіп, пәтерде қамалған баланы құтқарды

Автор: Дәулет Ботагөз

Төтенше жағдай бойынша 112 пультіне шұғыл хабарлама келіп түскен

Фото: © istockphoto.com

Қарағанды қаласының Гапеев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде кішкентай бала пәтер ішінде қамалып қалған. Төтенше жағдай бойынша 112 пультіне шұғыл хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шақыру орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері пәтерге кіру үшін арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланды.

Құтқарушылар тоғызыншы қабаттағы балконнан сегізінші қабатқа төмен түсіп, пәтер ішіне енген. Артынша кіреберіс есікті іштен ашып, баланы аман-есен құтқарды.

Мамандардың кәсіби және жылдам әрекетінің арқасында бала аман қалды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.