Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Синoптиктер тұрғындарға көшеге шығарда ауа райы факторларын ескеруді ұсынады
2026 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Синoптиктер тұрғындарға көшеге шығарда ауа райы факторларын ескеруді ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, әлсіз жел мен тұман сияқты зиянды заттардың атмосфераның төменгі қабатында жиналуына ықпал ететін қолайсыз факторлар Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Семей, Ақтөбе және Атырау қалаларында байқалады.
Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
1.Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген абзал.
2.Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.
3.Таза ауада спортпен шұғылдануды немесе ауыр физикалық жұмыс істеуді уақытша тоқтата тұрған жөн.