06.09.2026, 10:30
Жаңалықтар
Қарағандыда құтқарушылар 9-қабаттан түсіп, пәтерде қамалған баланы құтқарды
Төтенше жағдай бойынша 112 пультіне шұғыл хабарлама келіп түскен
Фото: © istockphoto.com
Қарағанды қаласының Гапеев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде кішкентай бала пәтер ішінде қамалып қалған. Төтенше жағдай бойынша 112 пультіне шұғыл хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шақыру орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері пәтерге кіру үшін арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланды.
Құтқарушылар тоғызыншы қабаттағы балконнан сегізінші қабатқа төмен түсіп, пәтер ішіне енген. Артынша кіреберіс есікті іштен ашып, баланы аман-есен құтқарды.
Мамандардың кәсіби және жылдам әрекетінің арқасында бала аман қалды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды