Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы арқан тартыстан үш алтын медаль жеңіп алды

Автор: Асыл Арман

1×1 дисциплинасында Мейір Рахметқалиев қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдегер атанды

Фото: Спорт комитеті

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында арқан тартыстан үшінші алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1×1 дисциплинасында Мейір Рахметқалиев қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдегер атанды.

Осылайша, қазақстандық арқан тартушылар барлық 8×8, 4×4 және 1×1 дисциплиналарында топ жарып, ел қоржынына қатарынан үш алтын медаль салды.