Полиция тұрғындарды сақ болуға және алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырады
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Соңғы уақытта интернетте өзін «емші», «көріпкел» немесе «балгер» ретінде таныстырып, азаматтарға «балаңыз қатты дуаланған» деп айтып, оны «емдеп, дуаны қайтаруды» ақылы түрде ұсынатын алаяқтық әрекеттер жиілеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланып, оларды алдауға тырысады. Әдетте олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы хабарласып, түрлі «белгілерді» айтып, жағдайдың өте күрделі екеніне сендіреді. Кейін «емдеу», «дуаны қайтару» немесе «қажетті заттарды сатып алу» деген сылтаумен ақша аударуды сұрайды.
Полиция ескертеді:
«Есте сақтаңыз: алаяқтар адамдардың сенімін, қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланады. Егер сізден осындай жолмен ақша талап етсе немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, бұл туралы дереу «102» нөміріне хабарлаңыз», – делінген ІІМ хабарламасында.