Сәби мамандандырылған медициналық мекемеде дәрігерлердің тікелей бақылауына алынды
Шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған жаңа туған нәресте Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы кезекші авиациясымен Шымкент қаласындағы арнайы медициналық орталыққа жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облысының Мырзакент ауылынан бастау алған санитариялық авиация рейсі сәтті аяқталды. Мырзакент ауылынан Шымкент қаласына дейін қауіпсіз әрі жедел түрде тасымалданды. Экипаж командирі мен медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында нәресте діттеген жерге уақытында жетті.
Нәресте мамандандырылған медициналық мекемеде дәрігерлердің тікелей бақылауына алынды.