Жүк пойызы сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан
Көкшетау – Жамантұз бағытында қатынайтын жүк пойызының машинисі теміржолға шығып кеткен жеңіл көлігіне соғылып қала жаздаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 27 тамыз күні сағат 17:44 шамасында теміржол өткелдерінің бірінде болған. Сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызының машинисі жолға жеңіл көліктің шығып кеткенін байқап, шұғыл тежегішті іске қосқан. Локомотив бригадасының дер кезінде әрекет етуінің арқасында пойыз көлікке соғылмай, оқыс жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.
Ал жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында тоқтамай, ізін суытқан. Қазір болған жағдай туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.