Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар өмірден өтті

Марқұмның жаназасы 29 тамыз күні сағат 10:00-де Алматы қаласындағы өз пәтерінде өтеді

Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар өмірден өтті
Фото: «Хабар» агенттігі

Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 74 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тілеуқабыл Мыңжасар – қазақ телевизиясының қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлесін қосқан білікті журналист.

Телевизиядағы еңбек жолының елеулі бөлігі «Хабар» агенттігімен байланысты. Ол 1998 жылдан бастап телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды.

Марқұмның жаназасы 29 тамыз күні сағат 10:00-де Алматы қаласындағы өз пәтерінде өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 289-үй, 80-пәтер (Әл-Фараби даңғылының қиылысы).

Мақалада
#журналист