Шымкент мұнай өңдеу зауытында сыртқы электр көзінен кернеу төмендеді
Шымкент мұнай өңдеу зауытында «KEGOC» АҚ-ның 220 кВ кернеулі сыртқы электрмен жабдықтау көзінен кернеу төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметі электр энергиясын беру қайта қалпына келтірілгенін хабарлады.
«KEGOC» АҚ-ның 220 кВ кернеулі сыртқы электрмен жабдықтау көзінен кернеу төмендеді. Электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы бір технологиялық қондырғы қайта іске қосылып жатыр», – деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі.
Компания мәліметінше, жағдай кәсіпорынның жұмысына әсер етпеген. Өндірістік процесс пен мұнай өнімдерін жөнелту қалыпты режимде жалғасып жатыр.