24.08.2026, 15:14
Жаңалықтар
Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы лауазымына қайта тағайындалды
Ол бұл қызметке 2022 жылғы қаңтарда алғаш рет тағайындалған
Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына Ермек Сағымбаев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, Ермек Сағымбаев 1967 жылы 11 қазанда туған.
Білімі:
- Қазақ политехникалық институты (1992 жыл);
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2007 жыл);
- ҚР Ұлттық қорғаныс университеті, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі (2021 жыл).
I және II дәрежелі «Даңқ» ордендері, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.
ҚР МКҚ және ҰҚК құрметті қызметкері болып саналады.
2020 жылы ҚР президентінің жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.
- 2022 жылы ҚР президентінің жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.
- 1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы лауазымдарында қызмет;
- 2006-2019 жылдары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің жедел және басшы лауазымдарында қызмет;
- 2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР президентінің Күзет қызметінің бастығы;
- 2021-2022 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін атқарушы, бастығы;
- 2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР ҰҚК төрағасы.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады