Қазақстандық теннисшінің әлемдік рейтингтегі орны түсіп қалды
Ол ATP рейтингінде 13-орынға төмендеді
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасындағы жекелей және жұптық разрядтар бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингте екі саты төмендеп, 13-орынға жайғасты. Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко 89-сатыдағы орнын сақтап қалды.
Әлемдік рейтингтің көшін италиялық Янник Синнер бастап тұр. Ол жарақатына байланысты жақын күндері өтетін «US Open» Үлкен дулыға турниріне қатыспайды. Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас болса, үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндейді.
Жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы атағын Финляндия өкілі Харри Хелиоваара сақтап қалды.