Павлодарда жол апатынан кейін ер адам көлік салонында қысылып қалды

Автор: Асыл Арман

Оқиға орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетті

Фото: irbistv.kz

Павлодарда жол-көлік оқиғасынан кейін ер адам көлігінің ішінде қысылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі irbistv.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатынан зардап шеккен адам бар екені туралы құтқарушыларға 103 қызметінің диспетчері хабарлаған. Оқиға орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетті.

«Оқиға орнына келген Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары арнайы жабдықтың көмегімен көлік құрылымдарының арасында қысылып қалған ер адамды босатты», – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.

Ер адам көліктен шығарылғаннан кейін оны ТЖМ Орталық медицина қызметінің мамандары қарап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін зардап шеккен адам ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.