«Сайлау әділ өтті»: Respublica партиясы exit poll-дың алғашқы нәтижелеріне қатысты пікір білдірді
Respublica партиясы сайлау нәтижелерін мойындайтынын мәлімдеді
Алғашқы Құрылтай сайлауында Respublica партиясы 5,4% дауыс жинады - Exit Poll-дың алдын ала нәтижесі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Алғаш рет өткен Құрылтай сайлауы / Қазақстанның саяси өміріндегі тарихи сәт, ел дамуының жаңа кезеңі дер едім.Өздеріңіз білесіздер, биыл ел болып, біртұтас ұлт болып жаңа Ата заң қабылдадық.
Біз және біздің жақтастарымыз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастап берген саяси реформаларды толық қолдаймыз. Республика партиясы үнемі осы тарихи оқиғалардың, ауқымды бастамалардың бел ортасында жүр.
Бүгін міне, күллі халқымызбен бірге болашаққа нық қадам жасап отырмыз. Осы айтулы күнімен, сайлаудың сәтті өтуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Ең алдымен / сайлауға қатысып / өз таңдауын жасаған барша Қазақстан халқына алғыс айтамыз. Respublica партиясына дауыс берген азаматтарға ерекше ризашылығымды білдіреміз. Сонымен бірге / басқа партияларды таңдаған отандастарымыздың да шешіміне құрметпен қараймыз. Себебі елдік істе әр азаматтың дауысы маңызды.
Сайлауалды кезеңде Respublica командасы еліміздің барлық өңірін аралап / халықпен кездесті. Елдің мәселесін / ұсынысын / болашаққа деген ойын тыңдадық. Осы кездесулерден біз халқымыздың өзгеріске / жаңаруға және дамуға деген үлкен сұранысын көрдік.
Республика партиясы бүгін сайлау ашық, әділжәне заң талаптары сай өтті деп есептейді. Дауыс беру аяқталып, жаңа ғана exit poll-дың алғашқы нәтижелерін естідіңіздер. Бұл – біз күткен нәтиже.
Қазақстан азаматтары белсенділік танытып, өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асырды. Біз бүгін жай ғана сайлауға қатысып отырған жоқпыз. Еліміздің саяси тарихындағы жаңа кезеңнің куәсі болып, сол тарихты Президентімізбен, халқымызбен бірге жазып жатырмыз.
Алда ресми қорытынды бар. Халық қандай таңдау жасаса да / біз оған құрметпен қараймыз. Ал Respublica үшін елге қызмет ету / халықтың сөзін сөйлеп / нақты өзгерістерге жұмыс істеу жалғаса береді.
Тағы да қайталап өткім келеді. Бұл - тәуелсіздік шежіресіндегі алғашқы Құрылтай сайлауы. Сондықтан бұл сайлаудың тарихи мәні зор, жөні де бөлек.
Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын болсын!
Еліміздің болашағын бірге құрайық! Қазақстанымыз жасай берсін!», - деді партияның жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров.