Үш экзитпол қорытындысы бойынша Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы 70%-дан астам дауыс жинады
Үш зерттеуде де «Әділет» партиясы бірінші, «Ауыл» партиясы екінші орынға шықты
Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде жүргізілген үш экзитполдың нәтижелері белгілі болды. Зерттеу қорытындыларын «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты, Еуразиялық интеграция институты және Қоғамдық саясат институты ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде жүргізілген үш экзитполдың нәтижелері белгілі болды. Зерттеу қорытындыларын «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты, Еуразиялық интеграция институты және Қоғамдық саясат институты ұсынды.
«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген экзитпол нәтижесі бойынша респонденттердің дауысы былай бөлінді:
- «Әділет» партиясы – 70,7%;
- «Ауыл» партиясы – 6,4%;
- Respublica партиясы – 5,5%;
- «Ақ жол» партиясы – 5,4%;
- ЖСДП – 5,0%;
- ҚХП – 3,2%;
- «Байтақ» партиясы – 1,2%;
- «Бәріне қарсымын» – 2,6%.
Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол нәтижесі:
- «Әділет» партиясы – 71,8%;
- «Ауыл» партиясы – 6,4%;
- Respublica партиясы – 5,4%;
- ЖСДП – 5,2%;
- «Ақ жол» партиясы – 5,1%;
- ҚХП – 3,0%;
- «Байтақ» партиясы – 1,0%;
- «Бәріне қарсымын» – 2,1%.
Қоғамдық саясат институтының экзитполы бойынша нәтижелер былай бөлінді:
- «Әділет» партиясы – 72,3%;
- «Ауыл» партиясы – 6,2%;
- Respublica партиясы – 5,2%;
- «Ақ жол» партиясы – 5,1%;
- ЖСДП – 5,0%;
- ҚХП – 2,8%;
- «Байтақ» партиясы – 0,9%;
- «Бәріне қарсымын» – 2,5%.
Осылайша, үш экзитполдың барлығында «Әділет» партиясы бірінші орынға шықты. Партияның көрсеткіші 70,7%-дан 72,3%-ға дейінгі аралықта. Ал үш зерттеуде де екінші орында 6,2–6,4% нәтиже көрсеткен «Ауыл» партиясы тұр.