ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілген жоқ

Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деректері тіркелген жоқ

ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілген жоқ
Фото: ҚР ІІМ

 Құрылтай депутаттарын сайлау күні еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сайлау комиссияларының, байқаушылардың қауіпсіз жұмыс істеуіне және азаматтардың өз еркін білдіруіне қажетті жағдайлар жасалды. Бұл туралы онлайн-телемарафон аясында өткен ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Он мыңнан астам сайлау учаскесінің бірде-бірінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілген жоқ. Қазіргі уақытта учаскелерде дауыстарды санау жалғасып жатыр. Дауыс беру аяқталғанымен, ішкі істер органдарының жұмысы жалғасуда», - деді спикер.

Бұдан әрі сайлау құжаттарын сайлау комиссияларына қауіпсіз жеткізу қамтамасыз етіледі. Полиция барлық іс-шара толық аяқталғанға дейін қызмет атқаруын жалғастырады. Жағдай ІІМ бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан өңірлеріндегі сайлаушылардың сағат 20:00-дегі дауыс беру көрсеткішін жариялады.