Құрылтай реформаларды жалғастыратын саяси бастама
Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау барысында 9 779 сайлау учаскесінде 25 мыңға жуық қоғамдық байқаушы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, байқаушылардың барлығы сайлау заңнамасының талаптарымен танысып, арнайы дайындықтан өткен.
Сайлау барысын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Осман Местен де бақылап отыр. Ол Құрылтай сайлауын конституциялық реформаларды одан әрі дамыту тұрғысынан маңызды саяси бастама деп бағалады.
Түркия парламентінің депутатының пікірінше, сайлау процесі халықаралық және конституциялық нормаларға сәйкес ұйымдастырылып жатыр.