23.08.2026, 16:38
Жаңалықтар
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
Олар жартас баурайына «Санкт-Петербург» деп жазған
Фото: скриншот
Шығыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінің маңында табиғатты бүлдірген шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды. Олар жартас баурайына «Санкт-Петербург» деген жазу қалдырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО Полиция департаменті қызметкерлері заңбұзушылардың жеке басын жедел анықтады.
Полиция тәртіп бұзған шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, Қазақстан заңнамасын сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттігін түсіндірді. Қазіргі уақытта жартастағы жазуды тазалау және өшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады