«Еліміз үшін тарихи күн»: Ерлан Қошанов Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ол Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан  сайлау учаскесінде дауыс бергенін атап өтті

«Еліміз үшін тарихи күн»: Ерлан Қошанов Құрылтай сайлауында дауыс берді
Фото: Facebook/Ерлан Қошанов

Парламент Мәжілісінің экс-төрағасы Ерлан Қошанов Құрылтай сайлауында дауыс бергенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті достар! Бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Қазақстандықтар жаңа Құрылтайдың депутаттарын сайлап жатыр. Бұл – жұртшылықтың кең қолдауына ие болған жаңа Халықтық Конституцияны іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды реформалардың заңды нәтижесі», – дейді Қошанов.

Сөзін жалғай отырып, Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан  сайлау учаскесінде дауыс бергенін атап өтті.

«Адамдар таңертеңнен бастап белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Сайлауға отбасыларымен бірге келіп жатқандар көп. Бүкіл еліміз бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп сенемін. Баршаңызды сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық парыздарыңызды орындауға шақырамын. Қуатты, Әділетті, Прогрессивті Қазақстанды бірге құрайық!» – дейді ол.