Астанада жарты ғасырдан астам уақыт бұрын отасқан ерлі-зайыпты сайлауда дауыс берді

Автор: Асыл Арман

Олар ел өміріндегі саяси науқандарға үнемі белсенді қатысып келе жатқанын айтты

Фото: Астана әкімдігі

Астананың №226 сайлау учаскесіне аудандық белсенді өмір сүру орталығының мүшелері Әшім мен Кенже Жылқайдаровтар Құрылтай сайлауына алғашқылардың бірі болып келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл шаңырақ көтергендеріне 55 жыл толған ерлі-зайыпты ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отыр. Олар ел өміріндегі саяси науқандарға үнемі белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті.

«Шаңырақ көтергенімізге 55 жыл болды. Ұл-қыз тәрбиелеп, немере өсіріп отырмыз. Елімізде болып жатқан саяси науқандарға ұдайы белсенді қатысып келеміз. Бұл – біздің азаматтық құқығымыз. Бүгін де Қазақстанның болашағы, жастарымыздың келешегі үшін өз таңдауымды жасадым», – деді Кенже апа.