Қазақстанда докторанттардың стипендиясын екі есе арттыру жоспарланып отыр

Қазір докторанттарға ай сайын 252 мың теңге стипендия төленеді

Қазақстанда докторанттардың стипендиясын екі есе арттыру жоспарланып отыр
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда алдағы үш-төрт жыл ішінде докторанттардың стипендиясын екі есе арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанада өткен форумда мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұған дейін де докторанттардың стипендиясы екі есе көтерілген.

«Қазір докторанттардың стипендиясы айына 252 мың теңгені құрайды. Алдағы үш-төрт жыл ішінде оны тағы екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді Саясат Нұрбек.

Министр Қазақстанда «Индустриялық PhD» бағдарламасы іске қосылғанын да еске салды. Бұл бағдарлама жас ғалымдарға өндірістегі жұмысын тоқтатпай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша үш жыл ішінде PhD дәрежесін алуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, мемлекеттік грант бойынша білім алған докторантура түлектеріне міндетті еңбек өтеу мерзімін мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында өтеуге рұқсат берілді.