Бүгін, 18:44
Жаңалықтар
Астанада автобус көше жарығының бағанасына соғылды
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Фото: instagram / zhaloby__astana
Астанада автобус көше жарығының бағанасын соғып, оны шамамен 20 метрге дейін сүйреп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Автобус бағананы қағып, 20 метрдей сүйреп кеткен. Қалайша бұлай болуы мүмкін? Жолаушылар зардап шекпеді деп үміттенемін. Жедел жәрдем көлігінде зардап шеккендер болмаған, автобус жүргізушісі де жарақат алмаған», – делінген желіде тараған жазбада.
Полицияның мәліметінше, 20 тамызда Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Ардагерлер көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, көше жарығының бағанасына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты