Кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару реформасы, депутаттардың есептілігі, кірістерді бөлу және төрт күндік жұмыс аптасына көшу мүмкіндігі талқыланды
Петропавлда ЖСДП-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Жаңа Қазақстан: Құрылтай сайлауы – азаматтардың дауысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шараға азаматтық белсенділер, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, қала тұрғындары мен журналистер қатысты. Кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару реформасы, депутаттардың есептілігі, кірістерді бөлу және төрт күндік жұмыс аптасына көшу мүмкіндігі талқыланды.
Сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тұрғындардың жергілікті бюджетті бөлуге, абаттандыру мәселелері бойынша шешім қабылдауға қатысуы және сайланған депутаттардың жауапкершілік тетіктерін талқылады.