ЖСДП кандидаты Көкпекті ауылының тұрғындарымен кездесті

Тұрғындар ауыл шаруашылығы өндірісіндегі мәселелерді айтып, ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді

ЖСДП кандидаты Көкпекті ауылының тұрғындарымен кездесті
Фото: ЖСДП әлеуметтік желісінен

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан» Құрылтай депутаттығына кандидат Рүстем Сарманов Көкпекті ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жергілікті өндірушілерді қолдау, экологиялық ахуал, әлеуметтік қорғау және ауыл инфрақұрылымының жағдайы талқыланды. Тұрғындар ауыл шаруашылығы өндірісіндегі мәселелерді айтып, ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Ауыл тұрғындары зейнетақымен қамсыздандыру, оның ішінде зейнеткерлік жас пен төлемдер көлеміне қатысты мәселелерді де көтерді. үустем Сарманов ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.