«Ақ жол» мүшелері БҚО-да сауда үйінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді

Автор: Асыл Арман

Партияның негізгі бағыттары түсіндірілді

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері Ақсай қаласындағы «Жарсуат» сауда үйінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара барысында сауда үйіне келушілер мен тұтынушыларға «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы қамтылған үгіт-насихат материалдары таратылып, партияның негізгі бағыттары түсіндірілді.