«Ақ жол» партиясы Маңғыстауда медициналық орталықта кездесу өткізді
Жиынға қатысқан ұжым мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды
«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Маңғыстау облысында Uzen Medical ұжымымен кездесіп, партияның саяси бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге Маңғыстау облыстық штабы басшысы Батыржан Қорғанбаев, штаб мүшелері Жалғас Ағысов, Санбибі Құлқараева, Бақытжан Жұмағалиұлы қатысты.
Ақпараттық-түсіндіру тобы партияның негізгі басымдықтары, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлікті қолдау, еңбек адамының мүддесін қорғау және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарын кеңінен түсіндірді.
Жиынға қатысқан ұжым мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, партия өкілдерімен ашық пікір алмасты. Үгіт-насихат тобы тарапынан көтерілген мәселелерге нақты жауаптар беріліп, партияның алдағы мақсаттары мен бастамалары туралы ақпарат ұсынылды.