Отбасы орталығының қызметкерлері азаматтардың әлеуметтік көмек алу және жұмыс іздеу кезінде кездесетін мәселелерін ортаға салды
Қызылорда облыстық ЖСДП филиалының өкілдері Отбасы орталығының ұжымымен кездесіп, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуде тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндіктері, тұрақты жұмыстың отбасылардың материалдық жағдайына әсері және қолданыстағы әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімділігі сөз болды.
ЖСДП облыстық филиалының төрағасы Ерғазы Қожақов партия бағдарламасында халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға қатысты ұсыныстарды таныстырды.
Отбасы орталығының қызметкерлері азаматтардың әлеуметтік көмек алу және жұмыс іздеу кезінде кездесетін мәселелерін ортаға салды. Сонымен қатар халыққа көрсетілетін қолдау тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылып, тараптар өзара пікір алмасты.