Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды
«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Асхат Базилов Жетісу облысындағы «Дәмді» жеке кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау, еңбек жағдайын жақсарту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері талқыланды.
Кәсіпорын қызметкерлері кандидатқа өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақ қойып, ұсыныстарын жеткізді. Кездесуде еңбек ұжымының пікірлері мен өңірдегі өзекті мәселелер де сөз болды. Асхат Базилов тұрғындар мен еңбек ұжымдарынан түскен ұсыныстардың алдағы жұмыста ескерілетінін айтты.