Найзағай, жаңбыр: 18 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел күтіледі

Найзағай, жаңбыр: 18 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: © istockphoto.com

18 тамызда Астана мен Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Өңірлердің басым бөлігінде жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Оңтүстікте, шығыс пен орталықта жоғары, батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен найзағай, батыста, солтүстік пен оңтүстікте бұршақ және екпінді жел болжанады. Күндіз шығыс пен оңтүстікте жаңбыр, солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік, шығыс пен оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Батыста жоғары өрт қаупі сақталып, шығыста да жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Облыста жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай және тұман болжанады.

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік, шығыс пен орталықта жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Оңтүстік пен шығыста жоғары, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Батыста, шығыс пен оңтүстікте төтенше, солтүстік-батыс пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы мен Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Солтүстік-батыс, шығыс пен орталықта жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түннің алғашқы жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Абай облысының шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Облыста жоғары, оңтүстік пен орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады. Батыс пен солтүстікте төтенше, оңтүстік, шығыс пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта жоғары өрт қаупі бар.

Алматыда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс аумағында және Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында төтенше, шығыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан облысының батысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Облыста, сондай-ақ Шымкент пен Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Орталықта жоғары, облыстың басқа аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болжанып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Облыста және Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше, солтүстік пен солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады.